Жаңалықтар

Депутат жол ережесін жиі бұзғанға айыппұл жеңілдігін алып тастауды ұсынды

Фото: kursiv.media мұрағаты

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезіндегі 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынды.

Қазіргі қолданыстағы нормаға сәйкес, жүргізуші айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, оның жартысын ғана өтейді. Алайда сенатор бұл жеңілдік бір жыл ішінде бір типтегі құқықбұзушылықты 10 реттен астам жасаған азаматтарға қолданылмауы тиіс деп санайды.

«Мен жыл ішінде жол ережесін бір типтегі бұзушылық бойынша 10 реттен астам жасаған адамдарды осы жеңілдіктен айыруды ұсындым. Яғни бір жылда 10 құқықбұзушылықтан кейін 11-ші, 12-ші, 13-ші рет қайталанса, толық көлемде айыппұл төлеуі тиіс», – деді Қожаев Сенат кулуарында.

Сенатордың сөзінше, жүргізушілер 11-ші реттен кейінгі құқықбұзушылықтары үшін айыппұлды толық көлемде төлеуі керек.

2026 жылы жол ережесін бұзғандар қандай айыппұл төлейтіні жайлы жазған едік.