Жаңалықтар

Мектепке жаңа екі штат енгізілді: олардың міндеті қандай

Нысанаға №14, 18, 12, 21, 4, 11, 16, 17, 19, 1 мектептер ілінеді деп көрсеткен / фото: KursivMedia мұрағаты
Фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстан мектептерінде осы жылдың қыркүйек айынан бастап кәсіби бағдар беруші штаты енгізілетіні рас па? Kursiv.Media тілшісінің осы сауалына Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова жауап берді.

Вице-министрдің сөзінше, мектептерге педагог-ассистент пен педагог-кәсіби бағдар беруші (профориентолог) штаты енгізіліп жатыр.

«Педагог-кәсіби бағдар беруші маман балаларға білім алу барысында кәсіби бағытын таңдауға көмектеседі. Мамандығын айқындауға септеседі. Ал педагог-ассистент инклюзивті білім беру саласында балаларға қолдау, көмек береді», – деді ол.

Ақпарова бір мектепте – бір штат тәртібі бұл мамандықтарға қолданылмайтынын, оқушы санына байланысты білім ордалары өз қажеттіліктеріне қарай айқындайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Kursiv.Media мемлекеттік мектепте мұғалімнің ақылы қосымша сабақ өткізуі қаншалықты заңды екенін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан сұрады. Сонымен қатар білім ордаларында бұл әңгіме қайдан шыққанын және оны қалай реттеуге болатынын арнайы зерттеп көрді.