Мектепте неге заңгер мамандығы жоқ – Оқу-ағарту министрлігінің түсініктемесі

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Оқу жылының соңында мектептерге келген комиссия заңгерді ашуландырды / фото: shutterstock
Вице-министрдің сөзінше, білім беру ұйымы өз бағытына қарай штаттық бірлік қоя алады / Фото: shutterstock

Қазақстандағы жекеменшік мектептерде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде заңгер штаты болғанымен мемлекеттік мектептерде мұндай вакансия жоқ. Алда білім ордаларында осындай штат ашылуы мүмкін бе? Осы сауалды KursivMedia тілшісі Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпароваға қойды.

Вице-министр жекеменшік мектептер штат бірлігін өзі қоятынын, ал Оқу-ағарту министрлігінің №224 бұйрығына сәйкес, барлық мемлекеттік ұйымдарға қандай штат берілетіні жазылғанын айтты. Оған қоса типтік штаттық үлгілерде білім беру ұйымы өз бағытына қарай қандай да бір штаттық бірлік қоя алады.

«Қазір бізде білім бөлімдері мен басқармаларында заңгер штаты бар. Ал білім беру ұйымдары білім бөлімдері мен басқармаларына қарайды. Қандай да бір заңды түрде көмек қажет болса, білім бөлімі мен басқармаларына жүгіне алады», – дейді Шынар Ақпарова.

Вице-министрдің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің №93 бұйрығына сәйкес, ата-аналар мен мектеп арасындағы барлық құқық мен міндеттеме нақты жазылған. Ата-ана мектепке баласын берген кезде мектептің ішкі ережесімен таныса алады. Яғни мектептің ішкі локалды құжаттанының бәрі тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бекітіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін KursivMedia тілшісіне берген сұхбатында білім саласының сарапшысы Нұрмұхамед Досыбаев мектептерде заңгер маманның штатын енгізу керек деген еді. Оның сөзінше, қазіргі типтік штаттық кестеде мектептерде заңгер қарастырылмаған. Сарапшы мұны нонсенс деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз