Құлсарыда балаларға балта ала жүгірген оқушы қамауға алынды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
фото: скрин

Құлсары қаласында мектеп оқушысы қатарластарына балта ала жүгірген сәті түсірілген бейне желіде қызу талқыланып жатыр.

Видеодан балалар жарақат алғаны байқалмайды, оқушылар қатты қорқып, жан-жаққа қаша жөнелгені анық көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылары балта ұстаған баланың 10-сыныпта оқитынын жазып жатыр.

Полиция не дейді

Полицияның мәліметінше, 5 ақпан күні «102» нөміріне Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдасып, оларға шабуыл жасағаны, кейін мектеп аумағында бой тасалағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл жарақат алған.

Хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, күдікті жасөспірімді ұстаған. Оқиғаға қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынған.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз