Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр/фото: Shutterstock

Пәкістан астанасы Исламабадта жұма намазы кезінде жарылыс болды. Ел билігінің хабарлауынша, кемінде 31 адам қаза тауып, 169 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters жазды.

Жарылыс Хадиджа-тул-Кубра мешітінде болды. Полиция жарылысты ұйымдастырушыны ғимарат кіреберісінде тоқтатқан, содан кейін ол жарылғыш құрылғыны іске қосқан.

Исламабад комиссарының орынбасары Ирфан Мемон жараланғандар саны әлі де нақтыланып жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккендер қаланың бірнеше ауруханасына жеткізілген. Ел министрлері зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін айтты.

Ал Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар бұл шабуылды «жауыздықпен жасалған қылмыс» деп атады.

Сондай-ақ оқыңыз