Жаңалықтар

Перизат Қайрат түрмеде жұмыс істей ме

Перизат Кайрат огласят приговор 25 июля
фото: коллаж Kursiv Media

Жарты жыл бұрын қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат алаяқтығы үшін он жылға сотталған еді. Қазір темір тор ар жағындағы жағдайы қандай? Жұмыс істей ме? Tengrinews Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне арнайы сауал жіберген.

Комитет өкілдерінің сөзінше, Перизат Қайрат әзірге жұмысқа бекітілмеген.

«Сұрауда көрсетілген сотталған азаматша сот шешіміне сәйкес мекемеде жазасын өтеп жатыр. Қазіргі уақытта мекемеде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол еңбек қызметімен айналыспайды», – деп жазылған жауапта.

Жалпы жазасын өтеушілер 48 мамандық бойынша жұмыс істей алады. Оның ішінде тігінші, шаштараз, визажист, кондитер немесе омарташы деген нұсқалар бар.

Әзірге Перизат Қайраттың қандай колонияда отырғаны белгісіз.

Былтыр шілдеде оған қатысты сот ісі аяқталып, 10 жылға қамау туралы шешім шыққан. Кейін олар аппеляцияға берді, бірақ үкім өзгеріссіз қалды.

Перизат Қайрат кейсінен кейін қайырымдылық қорларының иелері азаматтардан түсетін қаржы екі есе азайғанын айтты.