Lifestyle

«Сенері бар»: Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тергеу неге созылып кетті

коллаж: kursiv.media

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары созылып кетті. Бұл туралы жәбірленуші Ғалымжан Сүлейменнің қорғаушысы, адвокат Инга Иманбай мәлімдеді.

Адвокаттың сөзінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша қозғалған істер, әдетте, екі аптадан бір айға дейінгі аралықта сотқа жолданады. Алайда бұл іс бойынша тергеу барысы баяу жүріп жатыр.

«Шындығын айту керек, мен Мұқасан мырзаның тергеу органдарына белгілі бір ықпалы бар деп ойлаймын. Өйткені ол тергеу барысында өзін кінәлі сезінбейтіндей, өзіне сенімді болды», – деді Инга Иманбай.

Еске сала кетсек, Мұқасан Шахзадаевқа қатысты адам ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиға әнге байланысты туындаған жанжалдан кейін болған.

Үстінен қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, Мұқасан Шахзадаев бұған дейін Алматы қаласында өткен концерттердің бірінде көпшілік алдында көзге түскен.