Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты
Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті мен премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Президент Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты», – деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.
Айта кетейік, Пәкістан астанасы Исламабадта жұма намазы кезінде жарылыс болды. Ел билігінің хабарлауынша, кемінде 31 адам қаза тауып, 169 адам жарақат алған.