Жанармай бекетінде үстіне бензин құйылып кеткен жүкті әйел сотта жеңіп шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқиға 2025 жылдың қазанында болған/фото: Серикжан Ковланбаев

Қостанайда жанармай бекетінде үстіне бензин төгіліп кеткен әйел сотқа жүгінді.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қазанында жүкті әйел кәмелетке толмаған балаларымен бірге жанармай құю станциясына барған. Отын құю колонкасына тоқтағаннан кейін он екі жастағы ұлы кассаға ақша төлеуге кеткен.

Әйел автокөліктен шыққан кезде бензин мерзімінен бұрын беріліп, жанармай оның киіміне, терісіне және автокөліктің кузовына төгілген.

Жанармай құю станциясы күртешесін химиялық тазалауға кеткен шығынды өтеген.

«Әйел денсаулығына келген зиян үшін моральдық шығынды, сондай-ақ өкілдің қызметіне ақы төлеу түріндегі сот шығындарын өндіруді сұрап, сотқа жүгінген», – делінген ақпаратта.

Медициналық құжаттарға сәйкес, жедел жәрдем бригадасы оған алдын ала «Y17 – көміртек тотығымен, басқа газдармен және бу тәрізді заттармен улану», «Т65 – басқа заттардың уытты әсері» диагноздарын қойған. Перинаталдық орталықта әйелге «жеңіл түрде бензин буынан уланды» деген диагноз қойылған.

Сотта әйелдің көлікке жанармай құю тәртібін сақтамағаны анықталды. Нәтижесінде жанармай құю станциясы әйелге 300 мың теңге төлейтін болды. Шешім шығару барысында сот әйелдің жүкті екенін, оның уланып қалғанын, жанармай құю станциясының материалдық шығынды өтегенін ескерді.

Сондай-ақ оқыңыз