Ресей мұнайынан бас тартты: АҚШ Үндістан тауарына салынған 25% салықты алып тастады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Трамп Үндістанға салынған салықты алып тастады / Фото: shutterstock

АҚШ Үндістаннан келетін тауарларға салынған қосымша 25 пайыздық баж салығын алып тастады. Бұл шешім Дональд Трамп қол қойған заң жобасымен бекітілді.

Аталған баж салығы бұған дейін Үндістанның Ресейден мұнай сатып алуына байланысты енгізілген болатын. Бұған дейін Ақ үй дәл осындай көлемдегі сауда салығын Қытай мен Бразилияға салған.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Дели ресейлік мұнайды тікелей және жанама түрде сатып алуды тоқтатуға міндеттеме алған. Осы қадамның нәтижесінде Вашингтон қосымша тарифті алып тастау туралы шешім қабылдады.

Қос тарап келісті

Сонымен қатар, тараптар өзара тиімді уақытша сауда келісімінің негізін жариялады. Құжатқа сәйкес, Үндістан АҚШ-тың бірқатар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларына тарифтерді төмендетеді.

Ал АҚШ кейбір үнді өнімдеріне салынған баждарды қысқартып, белгілі бір тауар түрлеріне жеңілдіктер беруге келісті.

Келісім аясында Үндістан алдағы бес жылда АҚШ-тан энергия ресурстары мен технологиялық өнімдерді қоса алғанда, жалпы сомасы 500 млрд долларлық тауар сатып алуды жоспарлап отыр.

Дегенмен, АҚШ тарапы егер Үндістан Ресей мұнайын қайта сатып ала бастаса, 25 пайыздық баж салығы қайта енгізілуі мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз