Ресей сотының шешімімен Қазақстанда да пират сайттар бұғатталуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ЕАЭО елдері заңсыз контентке қарсы бірге күреседі / Фото: shutterstock

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер интернеттегі зияткерлік меншік құқығын бұзуға қарсы бірлескен келісім әзірлеп жатыр. Одаққа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, құжат алдағы айларда мақұлдануы мүмкін.

Келісімнің негізгі мақсаты – фильм, музыка, кітап және басқа да авторлық құқық объектілерін заңсыз тарататын сайттарға қарсы ортақ тәртіп енгізу.

Егер ЕАЭО-ға мүше кез келген елдің соты белгілі бір сайтты заңсыз деп таныса, сол шешім негізінде оны басқа одақ елдерінде де бұғаттау мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар сайт иелері, интернет-платформалар және басқа да цифрлық қызмет көрсетушілер заңсыз контентті шектеуге міндеттеледі.

Яғни, авторлық құқықты бұзатын материалдар анықталса, оларды алып тастау немесе бұғаттау шаралары қолданылуы тиіс.

Келісім аясында әр елде бұғатталған интернет-ресурстардың ұлттық электрондық тізілімі жасалады. Бұл тізімдер арқылы мемлекеттер өзара ақпарат алмасып, пираттық сайттарға қарсы әрекеттерін үйлестіреді.

Бұған дейін депутат Үнзила Шапақ үкіметтен Roblox ойынын бұғаттауды талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз