Қазақстанда қылмыстық топ құрған екі шетел азаматына іздеу жарияланды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркістан облысының арнайы прокурорлары интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тергеу материалдарына сәйкес, 2024–2025 жылдары шетелдік азамат Қазақстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған.

Қылмыстық топ мүшелері өздерін пошта қызметкерлері мен байланыс операторларының өкілдері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон арқылы хабарласқан.

Сенімге кірген соң, жәбірленушілердің атына онлайн түрде несие рәсімдеп, түскен ақшаны өздері иемденіп отырған.

Осы тәсілмен 21 азаматқа жалпы сомасы 125 миллион теңгеден асатын материалдық шығын келтірілген.

Тергеу барысында жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі үш автокөлікке тыйым салынды, ал қалған шығын сот шешімімен өндірілмек.

Іс бойынша 20 күдікті қамауға алынды, тағы екі адамға халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс бойынша тергеу толық аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

Бұған дейін PIN-UP және PINCO онлайн-казиносын ұйымдастырушыларға халықаралық іздеу жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыз