«Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Қайрат» футбол клубы «Пахтакорға» қарсы бақылау матчын көре алмай қалған жанкүйерлерден кешірім сұрады. Бұл туралы Kursiv.Media клуб мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Алматылық клубтың мәлімдеуінше, ойын QFootball телеарнасында және «Кинопоиск» қосымшасында көрсетілуге тиіс еді.
«Бірінші тайм таратушының бағдарлама кестесіндегі өзгерістерге байланысты эфирге шықпады. Екінші тайм барысында техникалық ақау болды. Таратушының мәліметінше, бұл стадиондағы электр қуатына қатысты мәселеден туындап, трансляция сигналының үзілуіне себеп болған», – деп түсіндірдің клубтың баспасөз қызметі
Өзбек футболшыларымен арадағы матч «Кинопоиск» платформасында да көрсетілмей қалған.
Дегенмен клуб эфирді ұйымдастыру үшін өзіне жүктелген барлық міндеттемені толық орындадық деп отыр.
«Қайрат» пен «Пахтакор» 7 ақпанда кешке Түркияның Белек қаласында өтті. Орталық Азияның үздік клубтары арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды. «Қайрат» сапынан Александр Широбоков гол соқты.