Шағын бизнес бухгалтериясы: нені өзіңіз істеп, нені аутсорсингке берген дұрыс

Шағын бизнестің бухгалтерлік есебін талдап көрейік. Нақты қадамдар көрсетілген нұсқаулық: кәсіпкер қандай операцияларды өз бетінше жүргізе алады және қандай жағдайда кәсіби бухгалтер қажет.
Қазақстандағы шағын бизнес үшін бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу – бұл жай ғана табыс пен шығысты есепке алу емес. Ол кәсіптің қаржылық тұрақтылығына тікелей әсер ететін маңызды жүйе. Шағын бизнес (жеңілдетілген салық жүйесіндегі жеке кәсіпкерлер/ЖШС) субъектісі үшін есептегі бір қателік айыппұлға, есепшоттардың бұғатталуына немесе жоспардан тыс салықтық тексеруге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар мұндай процестердің барлығы дерлік кәсіби бухгалтердің тұрақты қатысуын талап етпейді. Бұндай кезде ең оңтайлы шешім – есептің бір бөлігін өзіңіз жүргізіп, күрделі міндеттерді бухгалтерлік қызмет көрсететін аутсорсинг компанияға беру.
Қазақстандағы шағын бизнес бухгалтериясының ерекшеліктері
Жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстанда әртүрлі құқықтық жағдайда жұмыс істейді. Алайда екеуіне де ортақ мәселе бар – бюджеттің аздығы. Көптеген шағын кәсіпорындар тәжірибелі штаттық бухгалтерді ұстауға дайын емес немесе мүмкіндік жоқ. Сондықтан Қазақстанда онлайн-бухгалтерия және бухгалтерияны аутсорсингке беру сынды қызметтерге сұраныс артып келеді.
Шағын бизнес иесіне бастапқы құжаттаманы (шот-фактуралар, есептер) өз бетінше жүргізу тиімді. Ал жалақы және салық есептеулері, есеп беру және салық органдарымен өзара әрекеттесу сияқты күрделі салаларды аутсорсингке тапсырған абзал. Бұл штаттық бухгалтерге ақша үнемдеуге ыңғайлы және айыппұлдар қаупін азайтады. Себебі аутсорсинг компания қателіктер үшін жауапты болады.
Заңнама жыл сайын өзгеріп отырады, есептілік нысандары жаңартылады, бастапқы құжаттарға қойылатын талаптар күшейеді, камералдық бақылау жиілейді. Тіпті жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкер де жеңілдетілген декларацияны дұрыс тапсыру үшін өзгерістерді үнемі бақылап отыруы керек. Бұл тұрғыдан аутсорсинг басымдыққа ие.
Қандай бухгалтерлік жұмыстарды кәсіпкер өзі жүргізе алады
Бизнестің бастапқы кезеңінде кейбір бухгалтерлік процестерді өз бетімен жүргізу орынды. Қызметкерлері жоқ, ҚҚС төлемейтін және операция саны аз жеке кәсіпкер үшін есеп жүргізу аса күрделі емес. Табыс пен шығысты есепке алу, бастапқы құжаттармен жұмыс, банк операцияларын және кассаны бақылау – мұның бәрін заманауи цифрлық шешімдер арқылы оңай орындауға болады.
Онлайн-бухгалтерия мен 1С сияқты бағдарламалар күнделікті есепті автоматтандырып, кәсіпкерге қаржылық жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл салықтарды алдын ала жоспарлауға және компанияға түскен немесе жұмсалған қаржыны тиімді басқаруға көмектеседі. Ал шаттағы адам саны 30-дан асып, бизнес кеңейгенде тәуекелдер артады.
Өз бетінше есеп жүргізу: шектеулер мен тәуекелдер
Бизнес кеңейген сайын бухгалтерия да күрделене түседі. Жұмысқа адам алу кадрлық іс жүргізуді, еңбекақы есептеуді және әлеуметтік аударымдарды талап етеді. Бұл саладағы қателіктер көбіне камералдық бақылау барысында анықталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін тәуекелдер одан да жоғары. Қаржылық есептілік, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, активтер мен міндеттемелер есебін жүргізу кәсіби білімді қажет етеді. Тәжірибесіз ЖШС бухгалтериясын өз бетімен жүргізу салықтық тексеру кезінде елеулі мәселелерге әкелуі мүмкін. Сондықтан шағын бизнес кеңейген сайын есеп-қисаптың бір бөлігін кәсіби маманға тапсырған абзал.
Бухгалтерлік аутсорсинг – бизнесті қорғау құралы
Қазақстанда бухгалтерлік аутсорсинг ірі компанияларға ғана тән емес. Бүгінде ол шағын бизнес үшін тәуекелдерді азайтатын және уақытты үнемдейтін тиімді шешімге айналды. Кәсіби бухгалтерлік қызметтер ЖК мен ЖШС үшін есепті тапсырумен ғана шектелмей, есептің заңнамаға сәйкестігін бақылауды да қамтиды.
Аутсорсинг, әсіресе, бірнеше салық режимімен жұмыс істейтін, тендерлерге қатысатын немесе ірі серіктестермен келісімшарт жасайтын кәсіпкерлер үшін маңызды. Мұндай жағдайда есептегі бір ғана қате келісімнен айырылуға немесе айыппұлға себеп болуы мүмкін.
Онлайн-бухгалтерия мен аутсорсингтің үйлесімі
Онлайн-бухгалтерия бухгалтерді толықтай алмастырады деген пікір – қате. Жақсы нәтижеге онлайн-сервистер мен кәсіби бухгалтердің бірлескен жұмысы арқылы жетуге болады. Онлайн жүйелер ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді. Ал бухгалтер есептің дұрыстығына, деректерді түсіндіруге және салық органдарымен байланыста болуға жауап береді.
Мәселен, 1С бағдарламасын пайдалану бухгалтерлік қызметтермен қатар, шағын бизнес үшін тұрақты және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Шағын бизнес үшін ең тиімді шешім
Шағын бизнес бухгалтериясындағы оңтайлы нұсқа – жауапкершілікті дұрыс бөлу. Кәсіпкер қаржыны бақылап, табыс пен шығысты түсініп, бастапқы құжаттармен жұмыс істей алады. Ал қаржылық есептілік, салықтар, кадрлық іс жүргізу және мемлекеттік органдармен жұмыс сияқты күрделі бағыттарды кәсіби бухгалтерге сеніп тапсырған жөн.
Бұл тәсіл айыппұлдардан сақтайды, салықтық тексерулерден сенімді өтуге көмектеседі және бизнестің тұрақты дамуына жағдай жасайды. Қазақстан жағдайында бухгалтерлік аутсорсинг шағын бизнес үшін шығын емес, стратегиялық артықшылық деуге де болады.
Айта кететіні, 2026 жылы жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Құжатқа сәйкес кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимін таңдап, арнайы хабарлама тапсыруы керек. Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін салық режимдері 3-ке дейін қысқарған еді. Ал кәсіп иелеріне 2026 жылғы 1 наурызға дейін өздеріне қолайлы салық режимін таңдау керек. Бұл қадам дер кезінде жасалмаса, салық органдары кәсіпкерді автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстырады.