2026 жылы Қазақстан автонарығына BYD-дың қандай көліктері келеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
BYD
Фото: BYD

Қытайлық BYD компаниясының өкілдері Қазақстан нарығына арналған жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы kursiv.media kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда қалай болады

2025 жылдың басында, Алматыда BYD автосалондары алғаш ашылғанда, брендтің дистрибьюторы жыл соңына дейін шамамен 2,5 мың автокөлік сату жоспарлаған болатын. Алайда нәтижесі күткеннен де әлдеқайда жақсы болып шықты. Компания жыл ішінде 3245 көлікті саудалады. Олардың жартысына жуығы гибридтік Song Plus DM-i үлесіне тиесілі болды. Ал брендтер рейтингінде 2025 жыл қорытындысы бойынша 11-ші орынға шықты.

2026 жылғы жоспар

2026 жылы бренд Top-10 рейтингіне кіруді көздеп отыр және жыл ішінде клиенттерге 10 мыңнан астам автокөлік жеткізуді жоспарлап отыр. Яғни, BYD-ден үш еседен астам өсім күтілуде.

Жаңа модельдер туралы

Қазақстандағы BYD модельдік желісі де кеңейеді. Бұған дейін екі жаңа автокөлік туралы хабарлағанған болатын, олар седан Seal 6 және кроссовер Atto 8. Олар нарыққа 2026 жылдың көктемі мен жаз мезгілінде шығады деп күтілуде.

Фото: BYD Seal 6

Алайда компания осымен шектелмейді. Дистрибуция директоры Антон Кущтың алдын ала мәліметінше, Қазақстандағы автосалондарда Yuan Up моделі гибридтік нұсқада да ұсынылуы мүмкін. Автокөлікті сертификациялау жұмыстары көктемде басталады.

Фото: BYD Atto 8

2026 жылы Қазақстанда жаңа суббренд таныстырылады

2026 жылы Қазақстанда BYD компаниясының бір суббренді   Denza ұсынылады. Әзірге толық модельдік желі құпия сақталып отыр.

Фото: BYD Leopard 5 (Denza B5)

Бұл автокөліктер Denza премиум желісінің бөлігі болып табылады және Қазақстанға B5 және B8 индексімен жеткізіледі. Дебют уақыты 2026 жылдың ортасы деп болжанып отыр. Қазіргі таңда бұл жол талғамайтын автокөліктер сертификациядан өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз