Абай облысында желі арқылы терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Алаяқтар терроризммен күрес дегенді бүркемеленіп ақша ұрлаудың тың тәсіліне көшкен
Фото: kursiv.media мұрағаты

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты интернет арқылы терроризмді насихаттаған қала тұрғынына үкім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымының идеологиясын айыпталушы 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың сәуіріне дейін TikTok желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы таратқан.

«Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды»,  – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент тұрғынын тапа-тал түсте пышақтап өлтіріп кеткен еді. Ол «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабымен айыпталған. 

Сондай-ақ оқыңыз