
Тұрсынғали Алагөзовтің алкогольсіз сусындар шығаратын компаниясы Өзбекстан, Ауғанстан және басқа елдердің нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бұл үшін әр елге 50-70 миллион доллар инвестиция қажет болуы мүмкін.
Кәсіпкер Тұрсенғали Алагөзов Kursiv.Media-ға берген сұқбатында оның холдингі жаңа нарықтарға кеңейіп, алкогольсіз сусындар өндіретін бизнесті дамытатынын айтты. Әңгімез Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан және Таяу Шығыстың басқа елдері туралы болып отыр. Алайда бұл үшін үлкен инвестиция қажет.
«Әрбір жаңа нарық шамамен 50-70 млн доллар инвестицияларды қажет. Бұл қаражат елде өз зауытымызды салуға, оны жобалауға, тоңазытқыштар сияқты бөлшек сауда үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ, сауда командаларын қалыптастыруға жұмсалуы тиіс. Өзбекстанға – $50-70 млн, Пәкістанға – тура сол мөлшерде және т.б. елдерге де», – деп атап өтті кәсіпкер.
Алагөзовтың айтуынша, ол командасымен бірге бұл бизнесте 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді және шамамен шығындар мен қажетті жұмыс көлемін біледі. Кәсіпкер жаңа нарықтарға кеңею қажеттілігі оның компанияларын Baiuly Capital Holding холдингіне біріктірудің себептерінің бірі болғанын атап өтті.
Осыған дейін Алагөзов KursivMedia сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ұлы Арсенді Шымкент сыра зауытының директоры қызметіне не себепті тағайындағанын айтып берген еді.