Балаларын терезеден лақтырған ана ауыр депрессияға шалдыққан

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Getty Images

Таразда балаларын терезеден лақтырған анада бұрын ауыр депрессияда жүрген. Бірақ соңына дейін ем алмаған. Қазір оған қатысты жасөспірімдерді өлтіруге оқталу деген бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Аймақтық өкіл ауруханада жатқан балаларға барды. Ұлдың жағдайы қанағаттанарлық, қыздың сүйегі сынған, әлдеқайда ауыр», – деді балалар омбудсмені.

Оның сөзінше, ауыр депрессиямен жүрген ата-аналар арнайы тіркеуге тұрса да, олар жайлы құзырлы органдарға ескертілмейді. Себебі медициналық құпия деген мәселе бар.

«Медициналық құпияға байланысты денсаулық сақтау органдары ауыр депрессиясы бар немесе психикалық денсаулыққа қатысты диагнозбен есепте тұрған ата-аналармен бірге тұратын балалар туралы мәліметті балалардың құқықтарын қорғау органдарына хабарламайды. Осындай жағдайлар кейде қатыгездікке, тіпті адам өлтіру деректеріне әкеліп жатады. Сондықтан балаларды қорғаумен айналысатын органдардың мұндай отбасыларға барып, қажет болған жағдайда шара қолдануы үшін ақпаратқа қолы жетуі керек. Бұл мәселені заң деңгейінде реттеу қажет деп санаймын», – деп атап өтеді Динара Зәкиева.

Еске салайық, бүгін Жамбыл облысында 36 жастағы әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып жіберді. Екі бала да аман, бірақ ауруханаға түсті.

Сондай-ақ оқыңыз