
Отандық «Бақыт құшағында» фильмі Францияның Нант қаласында өткен халықаралық Univerciné кинофестивалінің жабылу салтанатында көрсетілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен авторлық кино туындыларын біріктіретін беделді фестиваль қазақстандық киномен аяқталды.
«Бақыт құшағында» фильмі қазақ тіліндегі алғашқы jukebox мюзикл форматында Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары негізінде түсірілген. Туынды өткен жылы ұлы композитордың 95 жылдығына орай көрерменге ұсынылды.
Фильмнің режиссері New York Film Academy түлегі Санат Шапашов. Ал музыкалық продюсерлері композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова.
Картинада басты рөлдерді қазақстандық театр және кино өнерінің танымал актерлері — Дәурен Серғазин, Әлия Әнуарбек, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Шахмұрат Ордабай және Айнұр Ильясова сомдаған.
Фильмде басты рөлді сомдаған Әлия Әнурабек түсірілім кезінде өз махаббатын тапқанын айтқан еді.