Бельгиялықтар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды (видео)

Жарияланды 9 Ақпан 2026 09:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі

Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған поэтикалық кеш өтті. Бұл туралы Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі хабарлады.

Іс-шараға бельгиялық өнерсүйер қауым мен Брюссельде тұратын қазақстандықтар қатысып, ақын шығармашылығына құрмет көрсетті. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде оқылып, ақын поэзиясы шетелдік тыңдарманға да таныстырылды.

Бельгиялық Венди Мразек Мұқағали Мақатаевтың «Махаббат диалогы» туындысын қазақ тілінде оқыды.

видео: Wendy Mrazek

Айта кетейік, бүгін 9 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Бұған дейін елімізде ақынның мерейтойына орай қандай іс-шаралар өтетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз