Дастан Сәтбаев денсаулығына байланысты жаттығуға қатыспайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады / фото: instagram
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады / фото: instagram

Дастан Сәтбаев денсаулығына байланысты Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатыспайтын болды.

Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады.

«Медициналық көрсеткіштерге байланысты «Қайрат» шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады. Содан кейін Алматыда командаға қосылады», – делінген ақпаратта.

Дастан Сәтбаевтың жанкүйерлері спортшының тезірек сауығып кетуіне тілестестік білдіріп отыр.

«Негізі Дастан ойында көп сәттерді шешетін ойыншы екенін көбісі түсінген шығар! Алла шипасын берсін бауырым! Сенің орның ерекше!», «Қалыпқа келмей, күш түсірмеген жөн. Өте маңызды әрі дұрыс шешім. Тез жазылып кет чемпион!», – жазып жатыр клуб жанкүйерлері.

«Челсидің» жаңа бапкері келер маусымға құрамын жариялады. Ол тізімде Дастан Сәтбаев та бар.

Сондай-ақ оқыңыз