
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Бейсенбаев 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Жетінші шақырылған Парламенті мәжілісінің депутаты болды. Одан кейін AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін Сегізінші шақырылған Парламент мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі болды.