Израиль Иранға қарсы соққы беру ниетін жариялады

Израиль Иран Тегеранға қарсы соққыны АҚШ-тың қатысуынсыз өз бетінше жасауға дайын екенін мәлімдеді.
The Jerusalem Post ақпаратына қарағанда, бұл туралы қауіпсіздік саласындағы дереккөздер хабарлаған. Иран баллистикалық зымырандар бойынша «қызыл сызықты» кесіп өткен жағдай іске аспақ.
Басылымның мәліметінше, соңғы кездесулер барысында Израильдің жоғары лауазымды әскери өкілдері америкалық әріптестеріне Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы Израиль үшін ядролық бағдарламадан кем қауіп төндірмейтінін жеткізген. Осыған байланысты Тель-Авив қажет болған жағдайда жеке әрекет етуге дайын екенін ескерткен.
«Егер Иран біз белгілеген баллистикалық зымырандарға қатысты қызыл сызықтан өтсе, біз соққыны өз бетімізше жасаймыз», – деген израильдік шенеунік.
Оның айтуынша, әзірге бұл шекке жеткен жоқ, бірақ жағдай тұрақты бақылауда.
Израильдік әскери өкілдердің бірі қазіргі жағдайды Иранның зымыран инфрақұрылымына айтарлықтай соққы беріп, Израиль мен көршілес елдерге төнген қауіп-қатерді әлсірету үшін «тарихи мүмкіндік» деп бағалаған.
Мұның алдында Израильдің жауынгерлік ұшақтары Ливанның оңтүстігін атқылаған еді.