«Күнде-күнде той болсын»: Роза Рымбаеваның немересі сахнада бата берді

Жарияланды 9 Ақпан 2026 10:40

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: видео кадры

Қазақ эстрадасының примадоннасы, алтын дауыс иесі Роза Рымбаева сахнада жүргеніне жарты ғасыр уақыт толғанына орай жеке ән кешін өткізді. Республика сарайында өткен концертте еліміздің ең танымал әншілері өнер көрсетіп қана қоймай, Әли Оқаповтың ұлы – Зейін де жиналған көрерменді таң-тамаша етті.

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың үш жасқа таяған ұлы үлкен сахнаға шығып, бата берді.

«Дастарқан мол болсын! Денсаулық зор болсын! Бақыт үйде көп болсын, күнде-күнде той болсын!», – деп қол жайып, «әумин» деді кішкентай Зейін.

Концерттегі осы әсерлі сәттің бейнежазбасын Рымбаеваның келіні парақшасына салды.

Тілі тәтті балақайдың бата бергеніне оқырман қуанып, тамсанып жатыр.

«Ой, жаным, Ақерке келін. Бақытты болыңдар. Әли өте тәрбиелі жігіт. Сен дұрыс таңдау жасадың. Сен де бақытты қызсың осындай текті жанұяға келін болып», «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деген осы. Бақыттарың баянды болып, Алла тіл-көзден сақтасын. Керемет!», «Ақерке де текті жердің қызы ғой. Әкесі Атырау облысына танымал дәстүрлі әнші болған, қызымның ұстазы», – деп жазып жатыр көпшілік.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Роза Рымбаева мен жас әнші Еңлік сахнада дуэт болып шыққаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз