«Протон-М» зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр (фото)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр
Гептилмен ұшатын «Протон-М» 12 ақпанда әуеге көтеріледі / фото: «Роскосмос», Иван Тимошенко

«Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағында 2023 жылғы наурыздан бері алғаш рет ұшуға дайын тұр. Улы гептилмен ұшатын зымыран 12 ақпанда әуеге көтеріледі.

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр
«Протон-М» зымыранының салмағы – 700 тонна / фото: «Роскосмос», Иван Тимошенко

9 ақпанда таңертең ерте зымыранды Байқоңырдағы 81-алаңға жеткізу жұмыстары басталды. Оған ондаған адам қатысты.

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр
фото: «Роскосмос», Иван Тимошенко

Зымыран орбитаға «Электро-Л» №5 спутнигін алып шығады. Ол ауа райын тәулік бойы бақылайтын гидрометеорология спутнигі.

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр
«Протон-М» зымыранының биіктігі – 58 метр / фото: «Роскосмос», Иван Тимошенко

«Роскосмос» жариялаған суреттерге қарағанда, зымыранды ангардан ұшу алаңына дейін жеткізуге полиция, өрт сөндіру, жедел жәрдем қызметтері қатысты. Тіпті әуедегі тікұшақты да көруге болады.

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр
«Протон-М» зымыранына шамамен 250 000 – 350 000 литр гептил құйылады / фото: «Роскосмос», Иван Тимошенко

1,1-диметилгидразин, яғни гептил өте улы зат. Оның өте аз мөлшері аз уақытта өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуға дайын тұр
«Протон-М» ұшуға дайын тұр / фото: «Роскосмос», Иван Тимошенко

Хруничев орталығында дайындалған зымыран 12 ақпан, бейсенбі күні Астана уақытымен шамамен 13:52-де ұшырылады. Дайындық барысында ақау табылса, ұшыру тағы кейінге қалуы мүмкін.

Ресей Байқоңырда «Протон» зымырандарын ұшыруды 2026 жылы тоқтатуы керек еді. Алайда Мәскеу олардың бәрін ұшырып үлгермей, уақытты созуды сұраған. «Роскосмос» өкілдерінің айтуынша, қазір екі ел «Протонды» ұшыру мерзімін 2032 жылға дейін созу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Kursiv.Media Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағы мен ел аумағындағы әскери полигондарды Ресейге жалға беруден қанша пайда тауып отырғаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз