Жаңалықтар

Қазақстан Қытай аумағына транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел болды

В Казахстане не нашли очередей автовозов на границе с Россией
Фото: shutterstock

2025 жылы Қазақстан 42 елмен үкіметаралық келісімдер жасай отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын кеңейтті.

Көлік министрлігінің ақпаратына қарағанда, Түркіменстанмен, Иранмен рұқсат етілмеген тасымалдау жүйесі енгізіліп, Түркиямен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Қытай аумағына транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел болды. ҚХР және Өзбекстанмен бірлесіп шетелдік рұқсат бланкілерінің 65%-ы цифрландырылды.

Нарықтың бақылауы мен ашықтығын күшейту үшін жүк көлігін цифрлық өлшеу енгізілуде. Елде айыппұлдарды автоматты түрде рәсімдеу жүйесімен біріктірілген 73 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған.

Айта кететін жайт, Toyota Alphard және басқа да оң рөлді көліктерге жолаушы тасымалына тыйым салынды.