
9 ақпанға қараған түні Жамбыл облысындағы Қордай асуында 80 автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы Kursiv.Media Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Қордайдың ескі асуында (170–190 км) 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда тұрып қалды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге сүйреп шығарып, автожолды ашты.
Құтқарылғандар арасында ешкім зардап шеккен жоқ.
Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті жолда қалған азаматтарға психологиялық көмек көрсету және ақпарат беру мақсатында «жедел желі» телефондарын ашты.
Өңірдің байланыс телефондары: 8 (7262) 43-58-97, 43-58-39.
Қордай асуында боранды күндері қар қалың түсетіні сонша, бірнеше жыл бұрын қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсету үшін тікұшақпен тамақ лақтырған. Ескі асу арқылы Жамбыл мен Алматы облыстарының арасын жалғайтын күре жол өтеді.