Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды

Сара Назарбаева Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен шығарылды. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы қаңтар айында емдеу курсынан өтіп, ауруханадан амбулаториялық бақылауға шығарылды.
«Денсаулық жағдайы, диагноз, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы басқа ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және халыққа медициналық қызмет көрсету туралы кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жариялауға жатпайды», – делінген аурухана хабарламасында.
Еске сала кетейік, Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені туралы ақпарат алғаш рет 2025 жылғы 5 мамырда тараған. Сол кезде оның жағдайы ауыр деп хабарланған еді. 14 мамырда кейбір ақпарат көздерінде «қайтыс болды» деген де мәлімет тарады. Алайда артынша Назарбаевтың баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Сара Назарбаева – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жалғыз бірінші ханым. Ол Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі.