Жаңалықтар

Шымкент прокуроры ауысты

Фото: Gov.kz

Бүгін, 9 ақпан күні Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқановтың орнына Елдос Сағиев тағайындалды. Ғабит Мұқанов Астана қаласы прокуроры қызметіне ауысты.

Ашық дереккөздерге қарағанда, 45 жастағы Сағиев соңғы 3 жыл шамасында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болған. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облысындағы департаментін басқарған.

Ал 49 жастағы Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды. Ол Шымкент қаласының прокуроры қызметінде 4 жыл 6 айдан астам уақыт отырды.