Тоқаев сынынан кейін KTZ Air Cargo атты жүк тасымалдаушы әуе компаниясы құрылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Жезказган-Эйр
Фото: gov.kz

Қазақстанда KTZ Air Cargo атты жүк тасымалдайтын әуе компаниясы құрылады. Қазір ол тіркеуден өткен. Бұл туралы «Қазақстан темір жолынан» хабарлады деп жазады LS.

Қазір компанияның жүк флоты жасақталып, операциялық қызметті бастауға дайындық жүріп жатыр.

Бұл тасымалдаушы орта және алыс қашықтыққа ұшатын жүк әуе кемелерін пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар транзиттік бағыттарды дамыту жоспарланып отыр.

«ҚТЖ» компаниясының мәліметінше, бұл нысанға мемлекеттік бюджет құйылмайды, өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

«Бұл жаңа қызмет түрлерінің пайда болуына серпін беріп, Қазақстанның Еуропа – Азия бағыттарындағы негізгі өңірлік логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтады», – деп хабарлайды «ҚТЖ» өкілдері.

Жыл басында Тоқаев елде әлі де жүк тасымалдайтын әуе компаниясының құрылмағанын «кешірілмейтін қателік» деген. Компанияны құру міндеті жүктелген ҚТЖ-ның қызметін сынға алып, қолынан келмесе жеке құрылымдарға өткізсін деген болатын.

21 қаңтарда Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бұл мәселені «жеті күн ішінде шешіп», бір байлам айтуға деп уәде берген.

Сондай-ақ оқыңыз