Жаңаөзенде қоқан-лоқы жасап, ірі көлемде ақша талап еткен күдікті ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дәлел ретінде күдіктіге тиесілі ұялы телефон да алынған / фото: өңірлік полиция департаменті
Дәлел ретінде күдіктіге тиесілі ұялы телефон да алынған / фото: өңірлік полиция департаменті

Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына 16 қаңтар күні бопсалау дерегі туралы жедел ақпарат түскен.

Lada.kz хабарлауынша, белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы қала тұрғыны мен оның отбасы мүшелеріне қоқан-лоқы жасап, ірі көлемде ақша талап еткен. 19 қаңтарда аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 7 ақпанда криминалдық полиция қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп, Жаңаөзеннің өндірістік аймағындағы дүкендердің бірінің маңында ақ түсті Lada Granta көлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің артқы орындығында отырған күдікті ұсталды. Жеке тінту барысында одап есірткіге ұқсас зат салынған екі түйіншек табылып тәркіленді.

Сонымен қатар дәлел ретінде күдіктіге тиесілі ұялы телефон да алынған.

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған азаматтың ағзасынан каннабиноид метаболиттері анықталған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кететін жайт, Жаңаөзенде жеті баланың анасын пышақтап өлтірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз