Lifestyle

«Жанын шығар»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі жайдарманшыны сотқа бермек пе

Фото: инстаграм/zhaksygen_n

Экс-жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген мен әйелі Фариза Алмазқызы қазіргі таңда соттасып жатқанға ұқсайды. Фариза бұл туралы бұған дейін берген сұхбаттарында да тиіп-қашып айтып жүрген еді. Бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында қорғаушымен байланыста екенін айтты. 

Фариза Нұрсұлтан Жақсыгенді ар-намысына тиетін сөздер жазғаны үшін сотқа беретінін бұған дейін айтқан еді. Дегенмен істің басталған-басталмағанын нақтыламаған. Бүгін ол stories бөліміне:

«Жоспарым басқа еді, аяқ-асты өзгеріп кетті. Енді не істерімді білмей, миым ашып отыр. Былтыр қыздарыма атап өткенмін. Биыл балаларыммен жылы жаққа демалысқа кетемін деп ойлап едім. Жұмыстарым бітпей қалды» деп жазды. 

Одан кейінгі стористе «Адвокат мырза» деген контактімен WhatsApp желісінде сөйлескенін скрин қылып салып, «Қазіргі басты жұмысым осы» деді. Осыған қарап, оқырман «Фариза Нұрсұлтанмен соттасып жатса керек» деп топшылап жатыр. Фоллоуерлері «Аямашы», «Жанын шығар. Аңдамай сөйлеген ауырмай өлетінін біліп жүрсін» деген сарында пікір қалдырды. 

Нұрсұлтан мен Фаризаның ажырасқаны туралы ақпарат 2024 жылы шыққан еді. Мұны экс-жұбайлар парақшаларында да растаған. Жайдарманшы:

«Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады», деп ажырасуға әйелін кінәлаған еді.

Кейіннен Фариза парақшасында және сұхбаттарда басқа да себептердің болғанын айтқан. Оған қоса ол Жақсыгеннің тарапынан жазылған ауыр сөздерді дәлелімен бірге скрин салып көрсеткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін cancel culture туралы жазған едік.