Шаршы метрі 719 мың: 2026 жылы жаңа пәтерлер қанша тұрады

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердегі пәтерлер бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтарында 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бірінші нарықтағы пәтер бағасы ел бойынша орта есеппен 2,5%-ға қымбаттаған.
Соңғы бес жыл ішінде республика бойынша бағаның орташа өсімі 66%-ды құрады.
Бағалар бір айда қалай өзгерді?
Ең жоғары өсім мына қалаларда тіркелді:
- Алматыда – +4,2%;
- Ақтөбеде – +4,2%;
- Оралда – +4,1%;
- Ақтауда – +2,8%;
- Қостанайда – +2,6%.
Ал Астанада құрылыс компаниялары сататын пәтерлердің бағасы бір айда 2,3%-ға,
Шымкентте 0,8%-ға өскен.
Жеті қалада пәтер бағасы өзгеріссіз қалды. Олар:
Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қонаев, Қызылорда, Петропавл және Талдықорған.
Алайда ешбір өңірде тұрғын үй бағасы арзандамады.
Жаңа үйлерде шаршы метрдің құны
2026 жылдың қаңтар айында жаңа тұрғын үйлердегі бір шаршы метрдің орташа бағасы 604 823 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 33 603 теңгеге қымбат.
Ең қымбат қалалар:
- Алматы – 719 605 теңге/шаршы метр;
- Астана – 715 416 теңге/шаршы метр;
- Шымкент – 532 158 теңге/шаршы метр;
- Өскемен – 530 773 теңге/шаршы метр;
- Атырау – 525 442 теңге/шаршы метр.
Ең қолжетімді жаңа тұрғын үйлер:
- Оралда – 325 602 теңге/шаршы метр;
- Ақтөбеде – 341 255 теңге/шаршы метр;
- Көкшетауда –341 344 теңге/шаршы метр;
- Қызылордада – 387 665 теңге/шаршы метр;
- Жезқазғанда – 397 692 теңге/шаршы метр.
Бағалар 5 жылда қалай өзгерді?
2020 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың қаңтарына дейінгі бес жыл ішінде Қазақстанда жаңа салынған тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 70,1%-ға қымбаттаған.
Айта кетейік, жыл басында Қазақстанның көптеген қалаларында екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы да қымбаттап үлгерді. Елорданың өзінде баға осыған дейін тіркелген межеден асып, 1 шаршы метр үшін 600 000 теңгеге жетті.