2026 жылғы Рамазан айының ораза кестесі

Жарияланды 10 Ақпан 2026 17:46

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ораза кестесі 2026 / фото: shutterstock

Қасиетті Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді.

Қасиетті түн – Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп отыр.

Осыған байланысты Kursiv Media Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының деректеріне сүйене отырып, еліміздің барлық өңірлері үшін 2026 жылға арналған ауыз бекіту мен ауыз ашу уақыттарының ресми кестесін жариялады.

Рамазан 2026 – Ораза кестесі

Толық кестемен әр қала бойынша жеке материалдардан танысуға болады.

Ауызашарда оқылатын дұға

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

Сәресіде айтылатын дұға

«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә»

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Айта кетейік, биыл Ораза айт 20 наурыз, жұма күніне түсіп отыр. Бұған дейін айт намазы мен жұма намазы қалай оқылатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз