Air Astana 550 млрд теңгеге 25 Airbus ұшағын сатып алады

Air Astana акционерлері Airbus компаниясымен 25 ұшақ сатып алу бойынша мәміле жасасуға шешім қабылдады. Әуе паркін еуропалық лайнерлермен жаңарту үшін компанияға кем дегенде 550 млрд теңге керек.
Авиакомпания акционерлердің кезектен тыс жиналысының шешімі туралы KASE-де хабарлады. Air Astana Airbus A320neo бес орташа магистральдық лайнерін және 20 Airbus a321nx ұшағын жеткізуге еуропалық Airbus авиаөндірушісімен мәміле жасауы тиіс. Ұшақтарды 2031-2034 жылдары жеткізу керек.
Мәміле сомасы көрсетілмеген, алайда компания Air Astana активтерінің баланстық құнының 50% және одан астамын құрайтынын атап өтті. Егер компанияның 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы соңғы қаржылық деректеріне назар аударатын болсақ, онда авиакомпанияның жиынтық активтері 1,1 трлн теңгені құрайды. Осылайша, мәміленің құны кемінде 550 млрд теңге деңгейінде болуы мүмкін.
Айта кетейік, Airbus A320neo ұшу қашықтығы 6,3 мың шақырым болатын 194 жолаушыға есептелген. Airbus A321NX – Airbus A321neo нұсқаларының бірі. Ол максималды ұшу қашықтығы 7,4 мың шақырым болатын 227 жолаушыға арналған.
Қаңтарда Air Astana дәл осындай соммаға америкалық Boeing компаниясымен де келісімге қол қоюға шешім қабылдағанын жазған едік. Boeing компаниясы Air Astana-ға 18 әуе кемесін жеткізуі тиіс. Алғашқы үшеуін жеткізу 2026-2027 жылдарға, ал қалған үшеуін жеткізу 2032-2035 жылдарға жоспарланған. Қозғалтқыштарды қоса алғанда, парктің жиынтық каталог құны 7 млрд доллар немесе бір доллар үшін 550 теңге бағамы бойынша шамамен 3,8 трлн теңгені құрайды.