Кәмшат Жолдыбаева мың бұрала билеп оқырманды тамсандырды

Жарияланды 10 Ақпан 2026 18:38

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: видео кадры

Әнші Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісіндегі парақшасына жаңа видео жүктеді. Сахнаға әр шыққаны шоу болатын әншіден оқырманы дәл осындай контент күткені байқалды. Үнді биін мың бұрала билеген Кәмшат осылайша желі пайдаланушыларын тамсандырды. 

Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шығып, одан артынша балалы болғаннан кейін сахнадан көрінбей кеткен еді. Әншілікті ғана емес, желідегі белсенділігін де біраз уақытқа тоқтата тұрған болатын. Десе де, кейінгі кездері оқырманды қуантып, арагідік жазбалар салып тұрады. Әсіресе күні кеше салған видеосы көпшілікті қуантты. 

«Ерекше бір қызығушылығым, кішкентайымнан. Сіздер неге қызығасыздар?», – деп жазды Жолдыбаева оқырманға сауал тастап.

Сүйікті әншісінен осындай контент күткендер: «Мына жерде Кәмшат 100% потенциалын көрсетіп тұрған жоқ. Соның өзінде от. Жарқырай бер, Кама. Сені желіден көрсем мәз боламын», «Құдай сізге харизманы да, сұлулықты да, өнерді де бере салыпты», «Уффф, үнді қыздар сұлулығыңызға таңданатын шығар» деп жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Сонымен бірге Кәмшаттың кейінгі кезде көрінбей кеткенін меңзеп, «Ғазрет Кәмшаттың ішіндегі отын өшіріп алмаса екен деп тілеймін», деп күйеуіне назын да білдіріп үлгерді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әншінің әйелдер жамағатын құрсам деген ниеті бар екенін жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз