
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық музыкалық жоба ұлттық арна эфирінен көрерменге жол тартады.
«Көкжиектен асқан үн» атты жоба – түрлі елден жиналған үздік вокалистер бас қосқан халықаралық музыкалық шоу. Көрермен әлемнің алты елінен келген сегіз талантты орындаушының өнерін тамашалай алады.
Бағдарламаның тұсаукесер шығарылымы 14 ақпан күні сағат 21:20-да «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұл жобаны Қытайда 102 млн адам көріп, рекорд орнатқан еді.