Жаңалықтар

Конституция жобасында Құрылтайды таратуға қатысты нормалар өзгерді

Төтенше және соғыс кезінде Құрылтайды таратуға болмайды/фото: Асқар Ахметуллин

Конституция жобасына Құрылтайды таратуға қатысты нормаларға өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

«Халық талқысына шығарылған Конституция жобасында Құрылтайды таратуға қатысты президент өкілеті императивтік түрде бекітілген. Яғни, ұсынылған кандидатураны тағайындауға, сайлауға келісім беруден қайталап бас тартылған және өзге де жағдайларда Құрылтайды тарату міндетті түрде көзделген болатын.

Енді президент өкілетін диспозитивтік нысанда тұжырымдап, «мемлекет басшысының құқығы» ретінде бекіту ұсынылады», – деді Нұрмұханов.

Осылайша өзгерістер жобадағы 46-баптың 2,4,8 тармағы, 57-баптың 1-тармағына, 62-баптың 1,2 тармағына енгізілді.

«Көрсетілген Конституциялық нормаларда Құрылтайды таратуға шектеулер қойылады. Төтенше және соғыс кезінде, президент өкілетінің соңғы алты айында, алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде Құрылтайды таратуға болмайды», – дейді Нұрмұханов.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция жобасына тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға қатысты норманы енгізуді ұсынды. Айтуынша, қазіргі Конституцияда «Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді» деген ереже бар. Осы ережені «тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға» да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтырған жөн