«Өтірік айтасың»: Ерке Есмахан оқырмандарынан көмек сұрады

Жарияланды 10 Ақпан 2026 17:48

Нұрән Әділет

Нұрән Әділет

BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Ерке Есмахан / фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші Ерке Есмахан желіде өзіне күмән келтірген оқырманының сұрағына жауап берді.

Ерке Есмахан сахнадан көп көрінбей кетсе де, әлеуметтік желіде белсенді. Күнделікті өмірінің жаңалықтарын парақшасында салып отырады. Кейінгі жазбаларының бірінде ол кішкентайы 8 айға толатынын айтқан. Сол кезде оқырмандарының бірі оған «8 ай деген өтірік болып кетті, олай алдамаңыз» деген. Содан әнші оқырмандарынан көмек сұрап, жазба қалдырды.

«10 күн тыныш жатып едім. Инстаға шыға салысымен өтірік айтасың, андайсың, мындайсың дейтін фантастикалық адамдардың жаны кіріп жатыр. 11 маусымда босандым. Есептесем 8 ай. Әлде бірдеңені дұрыс түсінбей тұрмын ба? Көмектесіңдер ал», – деп жазды ол.

Ерке Есмахан кішкентайын былтыр жазда дүниеге әкелген еді. Сондай-ақ жақында әншінің шашы әлеуметтік желіде дау тудырды. Бұған танымал әншінің бұйра шашы көрінетін фотоны жариялауы түрткі болған.

Сондай-ақ оқыңыз