Олимпиада: Денис Никиша іріктеу сынында сүрінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Денис Никиша шорт-трек
Денис Никиша енді 500 метрлік жарыста бақ сынайды / фото: Kazakhstan Olympic Team, Сали Сабиров

Қазақстан үміт артқан шорт-трекші Денис Никиша 1000 метрлік жарыста іріктеу сынында сүрінді.

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 10 ақпанда шорт-трекшілер жарысқа шықты. Олардың арасында жүлдеден үміті зор Денис Никиша да бар.

Алайда Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын ұстап шыққан атлет 1000 метрлікте іріктеу сынында-ақ сүрінді. Ол төрт спортшының арасында мәре сызығын үшінші болып кесті. Келесі кезеңге өту үшін кемі екінші келуі керек еді.

Ту ұстаған Денис Никиша шорт-трек
Денис Никиша Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан / фото: nstagram.com/nikishadenis

Оның алдында Яна Хан мен Ольга Тихонова 500 метрлікте жарысты аяқтаған. Бұған қоса, аралас эстафетада Қазақстан құрамасы келесі айналымға өте алмады. Командада Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан және Ольга Тихонова жүгірген.

Дегенмен Никиша әлі 500 метрлікте жүлдеге таласа алады. Дәл осы сайыста Абзал Әжіғалиев те сынға түседі.

Олимпиада ойындарында 10 ақпан, сейсенбі күні өтетін жарыстар кестесі.

Олимпиада-2026: қазақ атлеттерінің жарысқа түсу кестесі.

Сондай-ақ оқыңыз