Lifestyle

«Шаршатып жіберді»: Айдана Меденованың жаңа әні кей тыңдарманға ұнамай қалды

Айдана Меденованың жаңа әні кей тыңдарманға ұнамай қалды / Фото: Instagram Айдана Меденова

Жақында ғана сахнаға қайта оралған әнші, KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова жуық арада жаңа әнін жарыққа шығарғалы жатыр. Әдетте туындының толық нұсқасын шығармас бұрын тыңдарманның құлағын үйрету үшін үзіндісін салады. Меденова да сол жолмен жаңа әнінің үзіндісін тыңдатып, пост салып жүр. 

Ақпанның басында Айдана өмір туралы туындысының үзіндісін салып бастаған еді.

«Ешқашан берілме, тіпті бәрі қалағаныңдай болмай жатса да» деген мәтіні бар жазбалар жазғанына қарап, жаңа әннің мотивация бағытында екені белгілі болған. Ал кеше туындының тағы бір үзіндісін назарға ұсынып, «Шаруаң бітпей, жұмысың көп болса да. Адамдардың сенен көңілдері қалса да, мұнайма, мұңаятын жандар қаншама? Енді қашан арманыма жетем? Қашан қиындықтан өтіп кетем деп жүрсің бе? Мұның бәрін не істесем екен? Бақытсызбын деп ойлайсың…» – деп әннің сөзі жазылған видео салған еді. 

Оқырман тарапынан жазылған жағымды пікір көп.

«Ең даусы тәтті әнші», «Мотивация беретін ән екен» деп жазып жатқандар бар.

Сонымен қатар қайта-қайта сала бергенінен жалығып кеткенін айтып жатқандар да жоқ емес: «Өлең шықпай жатып шаршатып жіберді. Тым көп спойлер жасап тастаған сияқтысыз. Тыңдай бергеннен мезі болдық. Басында ұнаған еді», – деп жазыпты бір оқырман.

Меденованың айтуынша, жаңа ән ақпанның 17-жұлдызында тыңдарман назарына ұсынылады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Айдана Меденованың хиджабын не үшін шешкені жайлы жазған едік.