Талапқа сай емес шаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылуы мүмкін

Талапқа сай емес шаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ол мал шаруашылығын жүргізудің талаптары қойылғанын айтты. Ол орындалмаған жағдайда тиісті шаралар қабылданбақ. Оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар.
«Мал шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспарда асыл тұқымды мал басын сатып алу, жеңілдетілген несе беру, малшылардың балаларына білім грандтарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары көзделген. Ауыл шаруашылығында терең өңдеу саласын дамыту – маңызды баптардың бірі», – деді премьер-министр.
Оның айтуынша, биыл Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған ірі өнеркәсіптік парк іске қосылды. Бұл Қазақстанға әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндік бермек.
«Оның үстіне зауыт үш миллион тонна көлемінде жүгеріге кепілдік берілген сұранысты қалыптастырды. Ал қазір бүкіл Қазақстан бойынша небәрі 1 млн тонна жүгері өсіріледі. Бір ғана зауыт нарық құрылымын өзгертіп, агроқұрылыстың жекелеген баптарын дамуына қуат серпінін береді», – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылы майлы дақылдарды, жүнді, ет пен сүтті терең өңдеуге, құрама жем мен шырын өндіруге арналған алты кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар Агроөнеркәсіп кешенінде он зауыт салынған.
Айта кететін жайт, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2025 жылдағы жұмысына баға берді. Айтуынша, негізгі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар.