
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция жобасына тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға қатысты норманы енгізуді ұсынды.
«Қазіргі Конституцияда «Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді» деген ереже бар. Осы ережені «тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға» да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтырған жөн. Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма», – деді президент.
Президент Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұрады.