Жаңалықтар

«Жақсы нәтиже»: Тоқаев Үкіметтің жұмысына баға берді

Тоқаев кедендік реттеуді қысым құралына айналдырмауға шақырды / фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2025 жылдағы жұмысына баға берді. Сөзінше, негізгі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар.

«Көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар. Сыртқы ахуал күрделі болып тұрғанын ескерсек, мұны жақсы нәтиже деуге болады. Бірақ алда көп жұмыс күтіп тұр. Экономикалық дамуды жаңа үрдісіне толық көшу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет. Бұл мәселеге кейінірек тоқталамын», –  деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов президентке азаматтардың еңбекақысын көтеру жоспары туралы баяндады.