
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстердің жазғы маусымын 31 наурыздан 24 қазанға ұзартатынын хабарлады.
Сұраныстың жоғары болуына байланысты әуе компаниясы рейстердің жиілігін көбейтті. Енді әуе рейстері аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Ақтау – Дубай рейстерінің кестесі
Рейстер Airbus A320 ұшақтарымен орындалады, ұшу уақыты шамамен 3 сағат 40 минут.
Сейсенбі
- Ақтаудан ұшу – 09:05
- Дубайға қону – 11:55
- Кері кайту – 13:00
Сенбі
- Ақтаудан ұшу – 09:25
- Дубайға қону – 11:55
- Кері қайту– 13:00
Билет бағалары және тарифке не кіреді
«Стандарт» тарифі бойынша бір бағыттағы билет бағасы 58 000 теңгеден басталады. Тарифке мыналар кіреді:
- 5 кг-ға дейінгі қол жүгі (56×23×36 см);
- барлық қосымша қызметтер – багаж, тамақтану, орын таңдау – бөлек төленеді.
Әуе компаниясының мәліметінше, билеттерді ұшуға 2–3 ай қалғанда сатып алса, ең төмен бағаны ұтып алуға болады. Жоғары маусымда (шілде–тамыз) билет құны 80–110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Айта кетейік Қазақстан азаматтары БАӘ аумағында визасыз 30 күнге дейін бола алады.