Жаңалықтар

Үкімет отырысы тікелей эфирден көрсетілмейтін болды

Фото: kursiv.media, Асқар Ахметтулин

Бүгін, 10 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Отырысқа министрлер, өңір әкімдері мен депутаттар қатысады деп жоспарланған. Алайда бұл жолы журналистер қауымы жиынға келген шенеуніктерге тікелей сұрақ қоя алмайды. Себебі министрлер, өңір әкімдері мен депутаттар залға дейінгі дәлізден өтпейтіні белгілі болды. Кеңейтілген отырыстың тікелей эфирі БАҚ өкілдері жиналған залда ғана көрсетілдеді.

Айта кетейік, жиында Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер – министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.