
Астанада Конституциялық комиссияның отырысы өтіп жатыр. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ата заң жобасына ой қосқан азаматтарға алғыс хат беруді ұсынды.
Сарым тарихи жұмыстың бүгін аяқталатынын айтып өтті.
«Осы күндері ел болашағына шынайы алаңдаушылығын танытып, электронды платформалар арқылы ой бөліскен он мыңнан асқан азаматтарымызға, саяси партия өкілдеріне де зор алғысымды айтқым келеді. Көптеген ой, ұсыныс жүзеге асты. Сөзбе-сөз болмаса да Ата заңға енді. Барша ұсыныс берген азаматтардың аты аталып, оларға Конституциялық сот немесе Конституциялық комиссия атынан ресми түрде алғыс айтылып, алғыс хат беруді ұсынамын», – деді Сарым Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында.
Айтуынша, мыңдаған азаматтың белсенді қызметінің арқасында жаңа Конституция жобасы жазылды.
Бұған дейін Конституция жобасына Құрылтайды таратуға қатысты нормаларға өзгеріс енгізілтіні айтылған.