Жаңалықтар

Астаналық оқушылар қашықтан оқуға жіберілді

shutterstock.com, бильд-редактор Аделина Мамедова
Фото: Shutterstock

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты елдің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Қалалық мониторинг орталығының хабарлауынша, 11 ақпанда елордада қатты жел мен көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 0–6 сынып оқушылары қашықтан форматта білім алады.

Бұған дейін Павлодар облысы мен Семей қаласында да бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттердің қашықтан оқитыны хабарланған еді.

Ал Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық білім беру мекемелеріндегі бірінші және екінші ауысымда оқитын 1–11 сынып оқушылары түгелдей онлайн форматқа көшірілді.