
Астанада ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқуға жіберілді.
Білім басқармасының хабарлауынша, 11 ақпанда екінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Бұған қалада желдің күшейіп, көктайғақ болып жатқаны себеп болған.
Айта кетейік, 11 ақпанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Ұлытау, Абай, Жетісу, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерінде қар жауып, боран соғады.