Lifestyle

Дариға Бадықова мен Олжас Абай көрерменге көлік сыйламақ

фото: instagram

Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай жаңа фильмнің жарнамасы аясында көрермендерге автокөлік ұтып алу мүмкіндігін ұсынып отыр. «Таптым-ау сені 3» фильміне креативті жарнама байқауын жариялады.

Байқауға қатысу үшін «Таптым-ау сені» фильмінің алдыңғы бөлімдері немесе бейнебаяндар негізінде креативті, қызықты видео түсірілу керек әрі онда шыққалы жатқан үшінші бөлім аталуға тиіс. Ұйымдастырушылар пародия жасау міндетті емес екенін атап өткен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең үздік креативті жарнама авторы жеңімпаз атанып, автокөлік алады. Жеңімпаз 15 наурыз күні шығармашылық топтың тікелей эфирі барысында анықталады.

Айта кетейік, «Таптым-ау сені 3» фильмі 26 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастайды.

Бұған дейін, желіде Дариға Бадықованың аяғы ауыр деген сыбыс тараған еді.